2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Сарыағаш ауданының шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2011 жылғы 25 қарашадағы N 78 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 желтоқсанда N 14-11-177 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 2402 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2012.08.08 № 2402 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. 2012 жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесiне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтердің әкiмдерi Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесiне тiркеудi өткiзу кезеңiнде шақырылушыларды хабардар етудi ұйымдастырсын және олардың дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындары басшыларына ұсынылсын:
      1) тiркелуге жататын азаматтарды ауданның шақыру учаскесiне шақыру жөнiнде хабарлау және шақыру бойынша уақытында келуiн қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
      4. «Сарыағаш аудандық емханасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi мен «Абай» Сарыағаш аудандық емханасы» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерiне (келiсiмдері бойынша) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзу ережелерiнде айқындалған тәртiппен медициналық комиссиядан өткiзу ұсынылсын.
      5. Сарыағаш ауданының iшкi iстер басқармасының бастығына (келiсiм бойынша) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін дәлелді себептерсіз әскери есепке қоюдан жалтарған әскерге шақыру жасына дейiнгілерді iздестiрудi және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Пармановқа жүктелсiн.
      7. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Ж.Әлсеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сарыағаш қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
      ___________________ Байкараев Сейтқасым Жарылқасымұлы
      «25» 11. 2011 жыл

      Сарыағаш ауданының ішкі істер
      басқармасының бастығы
      ___________________Айтбеков Сакен Әбілдәұлы
      «25» 11. 2011 жыл

      «Сарыағаш аудандық емханасы» мемлекеттiк
      коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi
      ___________________ Усипбеков Сыдық Сапарбекұлы
      «25» 11. 2011 жыл

      «Абай» Сарыағаш аудандық емханасы» мемлекеттiк
      коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрiгерi
      __________________Шекарбеков Амантай
      «25» 11. 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады