Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 260 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 983 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 6 қаңтарда N 14-11-180 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 178 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 30.04.2019 № 178 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 260 "Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-11-166 тіркелген, 2011 жылғы 18 наурыздағы "Сарыағаш" газетінің 36-39 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Е.Алимбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Әлсеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сарыағаш ауданының сайлау

      комиссиясының төрағасы С.Селтанов

      "22" 12 2011 жыл

  Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 983 қаулысына қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй жайлардың тізбесі

Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтердің атауы

Кездесуге арналған үй-жайлар

1

Сарыағаш қаласы

"№ 1 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі (Исмайлов көшесі, нөмірсіз)

"№ 5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Қазыбек би көшесі, нөмірсіз)

"№ 4 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесі (Майлықожа көшесі, нөмірсіз)

"№ 141 жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бәйтерек көшесі нөмірсіз)

"Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Театральная көшесі, нөмірсіз)

2

Абай ауылы

"№ 110 жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Құрылыс мөлтек ауданы)

3

Ақжар ауылдық округі

"№ 28 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ақжар ауылы)

4

Дербісек ауылдық округі

"№ 22 Елшібек батыр атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Дербісек ауылы)

5

Жемісті ауылдық округі

"Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Жемісті" ауылдық мәдениет үйі (Жемісті ауылы, Төленді көшесі, нөмірсіз)

6

Жібек жолы ауылдық округі

"№ 18 Абай атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Зортөбе ауылы)

"№ 58 Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Жібек жолы ауылы)

"№ 17 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Диханбаба ауылы)

"№ 24 Ж.Сулейменов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Жаңақұрылыс ауылы)

7

Қызылжар ауылдық округі

"№ 82 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Қызылжар ауылы)

"№ 37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Жаскешу ауылы)

8

Дарбаза ауылдық округі

"Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Дарбаза" ауылдық мәдениет үйі (Дарбаза ауылы)

"№ 42 Ә.Жангелдин атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі (Тасқұдық ауылы)

9

Қапланбек ауылдық округі

№ 36 "Қ.Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Сіргелі ауылы)

"№ 7 Төлеби атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Қанағат ауылы)

10

Әлімтау ауылдық округі

"Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Әлімтау" ауылдық клубы (Әлімтау ауылы)

11

Жылға ауылдық округі

"№ 77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Жылға ауылы)

"№ 26 Т.Өстеміров атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі (Қарақалпақ ауылы)

"№ 57 С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Шеңгелді ауылы)

"№ 41 А.Асанов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі (Шымырбай ауылы)

12

Құркелес ауылдық округі

"№ 27 Шәкәрім атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ақниет ауылы)

"№ 21 Яссауи атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Еңкес ауылы)

13

Тегісшіл ауылдық округі

"Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының "Тегісшіл" ауылдық клубы (Тегісшіл ауылы)

№ 30 "С.Торайғыров атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Таскескен ауылы)

"№ 49 М.Жұмабаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі (Мәдениет ауылы)

14

Жарты төбе ауылдық округі

"№ 9 Майлықожа атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ынтымақ ауылы)

"№ 35 Б.Ғафуров атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бостандық ауылы)

15

Көктерек поселкесі

"Сарыағаш балалар шипажайы" мемлекеттік коммуналдық қазынылық кәсіпорны (Абай көшесі, № 5)

16

Біртілек ауылдық округі

"№ 116 Игілік атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Игілік ауылы)

"№ 115 Көлтоған жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Амангелді ауылы)

"№ 119 Р.Әлібекұлы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі (Еңбекші ауылы)

17

Ошақты ауылдық округі

"№ 107 Абай атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ошақты ауылы)

"№ 104 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Саттаров ауылы)

18

Жүзімдік ауылдық округі

"№ 86 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ә.Сатбаев ауылы)

19

Бірлік ауылдық округі

"№ 100 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бірлік ауылы)

"№ 101 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Жаңатіршілік ауылы)

20

Ақтөбе ауылдық округі

"№ 89 Л.Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Қызыл әскер ауылы)

"№ 94 Ленин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бозсу ауылы)

"Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі (Жаңа дәуір ауылы)

"№ 23 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ғ.Мұратбаев ауылы)

21

Бірлесу ауылдық округі

"№ 87 Жуантөбе атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Қазақстан ауылы)

"№ 88 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (28 гвардия ауылы)

22

Қошқарата ауылдық округі

"№ 77 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бесқұбыр ауылы)

"№ 80 Н.Тлендиев атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Жаңақоныс ауылы)

23

Ұшқын ауылдық округі

"№ 127 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ұшқын ауылы)

24

Алпамыс батыр ауылдық округі

"№ 125 С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Ақжол ауылы)

"№ 126 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Қауыншы ауылы)

25

Бозай ауылдық округі

"№ 129 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бозай ауылы)

26

Жамбыл ауылдық округі

"№ 131 Абай атындағы жалпы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі (Бекбота ауылы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады