Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2012.04.02 № 144 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген дансаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысының 2-тармағына және аудан әкімінің мәлімдемесіне сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне 2011 жылы жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы» Созақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 268 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-121 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырда «Молшылық» газетінің 55-56 нөмірлерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы «алты жүз отыз» деген сөздер «бір мың бес жүз» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ аудандық мәслихатының
ХХХХІІ сессиясының төрағасы: С.Таңатов
Созақ аудандық мәслихатының хатшысы: А.Аймұрзаев