Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық округі, Көкбұлақ ауылында орналасқан Көкарық көшесінің аты Көлбаев Құрманбай көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі И.Куралбеков