Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын аймақтарға бөлу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі N 204 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 қазанда N 2556 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы N 318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 21.12.2012 N 318 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, 26-2-бабына, «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027 бұйрығына сәйкес, «Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 тамыздағы № 2190, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-14-135 қаулысының, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылғы 22 тамыздағы № 05-00/4-601 хатының негізінде, аусылдың енуінің және таралуының алдын алу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын мынадай аймақтарға бөлу жүзеге асырылсын:
      1) мынадай аумақтарды қамтитын 3 шақырым радиустағы аусыл эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақтар:
      Күршім ауданы Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылы;
      Үржар ауданы Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылы, Бақты ауылдық округінің Бақты ауылы;
      2) мынадай аумақтарды қамтитын буферлік аймақтар:
      300 шақырым радиуста:
      Күршім ауданының Күршім, Сарыөлең, Қалғұтты, Маралды, Абай, Құйған, Балықшы, Боран, Қалжыр, Ақбұлақ, Төсқайың және Теректі ауылдық округтері;
      60 шақырым радиуста:
      Үржар ауданының Ақжар, Алтыншоқы, Көлденең, Ақшоқы, Бестерек, Благодарное, Жаңа Тілек, Бақты, Егінсу, Елтай, Көкөзек, Коңыршәулі, Қаракөл, Көктерек, Қарабұта, Қаратал, Қаратұман, Қарабұлақ, Қабанбай, Көктал, Мақаншы, Науалы, Жоғарғы Егінсу, Ново-Андреевка, Салқынбел, Үржар, Шолпан ауылдық округтері;
      3) мынадай аумақтарды қамтитын 350 шақырым радиустағы бақылау аймақтары:
      Көкпекті ауданының Үлгілімалшы, Самар, Казнаковка, Ново-Тимофеевка, Теректі, Миролюбовка ауылдық округтері, Катонқарағай ауданының Большенарым ауылдық округі, Зайсан ауданының Біржан, Қаратал ауылдық округтері;
      Абай ауданының Кеңгірбай, Көкбай, Құндызды, Арқат, Қасқабұлақ, Сарыжал, Тоқтамыс, Медеу, Қарауыл ауылдық округтері, Аягөз ауданының Аягөз қаласы, Айғыз, Ақшатау, Ақши, Ақтоғай, Ақшәулі, Байқошқар, Баршатас, Бидайық, Карағаш, Емелтау, Қопа, Мәдениет, Майлин, Малгелді, Мыңбұлақ, Косағаш, Өркен, Сарыарқа, Нарын, Мамырсу, Тарбағатай, Тарлаулы ауылдық округтері, Жарма ауданының Ақжал, Әуезов, Аршалы, Белтерек, Божегур, Бірлік, Бірлікшіл, Делбегетай, Жаңғызтөбе, Жайма, Жарық, Жарма, Қалбатау, Қапанбұлақ, Қаратөбе, Қарасу, Қызылағаш, Суықбұлақ, Терістаңбалы, Үшбиік, Шалабай, Шар ауылдық округтері, Зайсан ауданының Зайсан қаласы, Дайыр, Сартерек, Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай, Шілікті ауылдық округтері, Көкпекті ауданының Тассай, Үлкен Бөкен, Қарағандыкөл, Көжайық, Биғаш, К. Аухадиев атындағы ауылдық округтері, Тарбағатай ауданының Екпін, Көкжыра, Құмкөл, Ойшілік, Қызылкесік, Жантікей, Сәтпаев, Кіндікті, Ақсуат, Ақжар, Жаңаауыл, Қарасу, Жетіарал, Маңырақ, Құйған, Тұғыл ауылдық округтері, Семей қаласы, Семей қаласының Жазық, Озерки, Жиеналы, Достық, Приречный, Ертіс, Знаменка, Новобаженово, Абыралы, Айнабұлақ, Алғабас, Қараөлең, Таңат ауылдық округтері, Курчатов қаласы;
      4) Шығыс Қазақстан облысының белгіленген аймақтан тыс жатқан аумақтары қолайлы аймаққа жатқызылсын.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан  облысы әкімдігінің 2012.02.09 № 20 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» (Д.М. Селиханов), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемелері (К.А. Тоқтасынов, келісім бойынша), осы қаулының 1 тармағында көрсетілген аудандардың және ауылдық округтердің әкімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г. В. Пинчукке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев
 

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Шығыс Қазақстан
      облыстық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     К. Тоқтасынов 
 
                                                 08.09.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады