Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 тамыздағы N 2190 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 18 тамызда N 5-14-135 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 2257 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011.09.30 N 2257 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылында ірі-қара малдарының арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция Комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясының бастығына осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Күршім ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Теректі ауылдық округінің әкіміне шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім
      ауданының әкімі                            А. Сеитов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      Мемлекеттік инспекция Комитетінің
      Күршім аудандық
      аумақтық инспекциясының бастығы            Н. Екібасов
                                                 17.08.2011 ж.

      Күршім ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    А. Әбілмәжінов
                                                 17.08.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады