«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі № № 24/5-IV, 24/6-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 280 қаулысы, Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қазандағы № 31-12-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 826 қаулысы, Жарма аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 23/186-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 215 қаулысы, Көкпекті аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 27-4/2 шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 822 қаулысы, Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 қарашадағы № 212 шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 2 қарашадағы № 156 қаулысы, Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 мамырдағы № № 20-213-IV, 20-214-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 326 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Бесқарағай ауданы бойынша:
Семеновка ауылдық округінің Семеновка ауылы Қарабас ауылы; Семеновка ауылдық округі Қарабас ауылдық округі; Сосновка ауылдық округінің Сосновка ауылы Ерназар ауылы; Сосновка ауылдық округі Ерназар ауылдық округі;
Бородулиха ауданы бойынша:
Новопокровка ауылдық округінің Арбузное ауылы Қарағайлы ауылы;
Жарма ауданы бойынша:
Жаңғызтөбе ауылдық округінің Солнечный ауылы Шуақ ауылы;
Көкпекті ауданы бойынша:
Новотимофеевка ауылдық округінің Новотимофеевка ауылы Сарыбел ауылы; Новотимофеевка ауылдық округі Сарыбел ауылдық округі;
Ұлан ауданы бойынша:
Молодежный кенті «Қасым Қайсенов» кенті;
Үржар ауданы бойынша:
Благодарное ауылдық округінің Благодарное ауылы Келдімұрат ауылы; Благодарное ауылдық округі Келдімұрат ауылдық округі; Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылы Барқытбел ауылы; Ново-Андреевка ауылдық округі Барқытбел ауылдық округі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Б. Сапарбаев |
Сессия төрағасы |
Б. Мамраев |
Облыстық мәслихат хатшысы |
В. Ахаев |