2011 жылы Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған тұлғаларға коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 ақпандағы N 10323 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 18 ақпанда № 5-1-160 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қаңтардағы N Ин-5/2 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.01.04 N Ин-5/2 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/5 «2011-2013 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджетi туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 5-1-155 нөмiрiмен тiркелген) шешiмiн ескере отырып, Өскемен қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы және облыс алдындағы ерекше еңбегi үшiн зейнетақы тағайындалған Ұлы Отан Соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына және оларға теңестiрiлгендерге жатпайтын тұлғаларға 2011 жылы коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына 2000 (екi мың) теңге мөлшерiнде өтiнiш иесi «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi – Бөлiм) келесi құжаттарды ұсынғанда ай сайынғы материалдық көмек көрсетiлсiн:
      1) көмек көрсету туралы өтiнiш;
      2) жеке басын растайтын құжат;
      3) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      4) Өскемен қаласында тiркелiмiн растайтын құжат;
      5) Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше еңбегi бар зейнеткердiң мәртебесiн растайтын құжат.
      Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқа және көшiрме түрiнде ұсынылады, одан кейiн түпнұсқалар өтiнiш иесiне қайтарылады.
      2. Бөлiм әр айдың 15-не дейiн мемлекеттiк зейнетақы төлеу бойынша орталығының Өскемен қалалық бөлiмшесiнен Қазақстан Республикасы және облыс алдында ерекше еңбегi бар зейнеткерлердiң тiзiмiн (қағаз және электронды тасымалдаушы түрiнде) салыстыру үшiн сұрайды.
      3. Материалдық көмек қажеттi құжаттарды және өтiнiш берген сәттен бастап тағайындалады, төлем ай сайын ағымдағы айдың 30-на дейiн Бөлiммен жүргiзiледi.
      4. Алушы қайтыс болған жағдайда материалдық көмек қайтыс болған айға қоса төленедi.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсiн.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi және 2011 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынастарға таралады.


      Өскемен қаласы әкiмiнiң
      мiндетiн атқарушы                          О. Желякова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады