2012 жылға Өскемен қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 14483 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2012 жылғы 27 қаңтарда № 5-1-178 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 04 қаңтардағы N Шн-2/4 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2013.01.04 N Шн-2/4 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға Өскемен қаласы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) табысы аз адамдар;
      11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші– жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар;
      14) 50 жастан асқан әйелдер;
      15) 55 жастан асқан ерлер;
      16) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;
      17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы  әкімдігінің 2012.09.04 N 2963 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 1 жұмыспен қамту орталығы», Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 2 жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының әкімі                    И. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады