2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 14483 "2012 жылғы Өскемен қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" әкімдіктің қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қыркүйектегі N 2963 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 қыркүйекте N 2652 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 04 қаңтардағы N Шн-2/4 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің 2013.01.04 N Шн-2/4 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 14483 «2012 жылғы Өскемен қаласы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-178 тіркелген, 2012 жылғы 2 ақпандағы № 5 «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) әкімдіктің қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ келесі мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
      «17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары О.А. Желяковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Өскемен қаласының әкімі                    С. Тәукебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады