Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 608 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 наурызда N 5-3-101 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 682 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2011.05.19 N 682 қаулысымен.
      
      «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 02 ақпандағы № 403-IV Заңының 41-бабының 3-1 тармағының негізінде, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28-бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2 тармағына, «2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларын өткізудің мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 04 ақпандағы № 16/22 қаулысына сәйкес Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласының әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Курчатов қаласының әкімі                            А. ГЕНРИХ
      
      КЕЛІСІЛДІ:
      
      Курчатов қалалық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрайымы                           Г. ҚАРЫМБАЕВА

      Курчатов қаласы әкімдігінің
      2011 жылғы 02 наурыздағы
      № 608 қаулысына қосымша

      Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Мекен-жайы

1

«Қалалық мәдениет үйі» қазыналық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын ғимаратының жанындағы алаңқай

Тәуелсіздік көшесі 2

2

Казпошта ғимараты жанындағы алаңқай

Абай көшесі 13

3

«Мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы алаңқай

Тәуелсіздік көшесі 10

4

Қалалық автовокзал маңындағы алаңқай

Абай көшесі 40

 
      
      Курчатов қаласының
      әкім аппаратының басшысы                          А. ГЛАЗИНСКИЙ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады