Риддер қаласында және оның қала айналысында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 36/7-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 5-4-154 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 мамырдағы N 4/2-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.05.23 N 4/2-V шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Риддер қаласында және оның қала айналысында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 23 қазандағы № 3/6-IV «Риддер қаласында және оның қала айналысында жануарларды ұстау Ережелері туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 22 қарашадағы № 5-4-73 тіркелген, «Лениногорская правда» газетінде 2007 жылғы 30 қарашадағы № 48 жарияланған).
      3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Кезекті сессияның төрағасы                 В. Бондаренко
 

      Қалалық мәслихат хатшысы                   А. Ермаков

2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 36/7-IV
қалалық мәслихатының шешіміне
қосымша

Риддер қаласында және оның қала айналысында
иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Риддер қаласында және оның қала айналысында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерi (бұдан әрi – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына және 311-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Ережелер Риддер қаласының жеке немесе басқа меншігінде иттер мен мысықтары бар барлық жеке және заңды тұлғалармен орындау үшін міндетті болып табылады.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртiбi

      3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ережелердің талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат етiледi:
      бiр жанұя тұратын тұрғын-жайда;
      бiрнеше жанұялар тұратын пәтерде, өзінің тұрғын үй алаңында (пәтерде тұратындардың барлығының жазбаша келiсiмiмен);
      кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, бағбандық және саяжайлық бiрлестiктердiң аумағында, демалыс базаларында иттердi байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, тәуліктің түнгi уақытында мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшiн қауiп төндiру мүмкiндiктерiн болдырмайтын жағдайларда ұстау. Аумаққа кiреберiсте тиiстi жазу жазылған ескерту кестесiн қамтамасыз ету қажет.
      4. Барлық иттер мен мысықтар оларды иелерi сатып алған сәттен бастап екi айлық жасынан тiркеуге және вакцинациялауға жатады. Иттер мен мысықтарды тiркеу кезiнде иесiне өз өкілеттігі аясында ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен ветеринарлық төлқұжат бередi.
      5. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда, дәлiздерде, баспалдақтар алаңдарында, жертөлелерде, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда), үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерiнiң жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға жол берілмейді.
      6. Иттер мен мысықтарды олардың терiсiн және етiн пайдалану мақсатында өсiруге және аулауға жол берілмейді.
      7. Иттердi таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге жол берілмейді.
      8. Пәтер иелерiнiң кооперативтерiне, тұрғын үй кооперативтерiне, үй-жай иелерiнiң кооперативтерiне, кондоминиумдарға:
      1) жертөлелерге, шатырлар астына және басқа да қосалқы үй-жайларға кiретiн есiктердi онда иттер мен мысықтардың кiрiп кетуiне жол бермейтiндей жабық күйiнде ұстау;
      2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзiнiң аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.
      9. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз, иесiз жүрген иттер, иесi байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледi және тиiстi ұйымдардың аулауына жатады.
      10. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергiлiктi атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетiн келісімшарт жасасқан тиiстi ұйымдармен жүзеге асырылады.
      11. Иттерді серуендетуге жол беріледі:
      1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергi тудырмай, аумақтың санитарлық жағдайын сақтаған жағдайда тұмылдырықпен және қысқа бауда;
      2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшiн қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз.
      12. Иттердi серуендетуге жол берілмейді:
      1) балалар аулалық және спорттық алаңдарда, қалалық жағажайларда, мектепке дейiнгi балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және тұрғындарының жаппай демалатын басқа орындарында;
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық iс-шаралар өтетiн жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыстықпен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтiк иттердi және көзi нашар көретiн адамдар үшiн жетектеушi иттердi қоспағанда.

3. Қорытынды ережелер

      13. Риддер қаласында және оның қала айналысында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
      14. Осы Ережелердiң талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                А. Ермаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады