2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 465 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуірде N 5-6-134 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 20 наурыздағы N 05/754 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Аягөз ауданы әкімінің аппаратының 2012.03.20 N 05/754 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 19202123 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да Әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу үшін аудандық шақыру комиссияның кұрамы бекiтiлсiн (1 қосымша).
      3. Аягөз ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығына (М. Жақашев, келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
      2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
      3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.
      4. «Аягөз аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бастығына (Ж. Жұмаханов, келiсiм бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
      2) шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;
      3) шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне дәрігерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;
      4) шақырушылардың уақтылы және сапалы медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу;
      5) ауданның медициналық бірлестігінің дәрiгер мамандарынан мерзімді әскери қызметке шақыру үшін комиссиясының штаттан тыс құрамын бекiту (2 қосымша).
      5. Қала, кент және барлық ауылдық округтері әкiмдерi 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскерге шақыруға тиiстi азаматтарды аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi біріккен бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар және келуiн қамтамасыз етсiн.
      6. Аягөз ауданының iшкi iстер бөлiмiнің бастығына (Ш. Құнанбаев келiсiм бойынша) ұсынылсын:
      1) шақырушыларды әскерге аттандыру және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің хабарламасы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.
      7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімінің бастығына (Б. Мұстафаев) техникалық жұмысшылармен қамтамасыз етсін.
      8. Аудандық экономика және қаржы бөлiмiнің бастығына (К. Уәлиев) ауданның 2011 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде шақыруды қаржыландырылсын.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсін.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.


      Аягөз ауданының әкiмi                      Ә. Мұхтарханов
 

      Келісілді: 

      Аягөз ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі біріккен
      бөлімінің бастығы                          М. Жақашев
                                                 30.03.2011 ж.

      Аягөз аудандық, қалалық
      iшкi iстер бөлiмiнің бастығы               Ш. Құнанбаев
                                                 30.03.2011 ж.

      «Аудандық медициналық
      бiрлестiгi» КМҚК бастығы                   Ж. Жұмаханов
                                                 30.03.2011 ж. 

Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 465 қаулысына
1 қосымша

2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан
айларында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргізу
жөнiнде аудандық комиссияның құрамы

1. Мұрат Асқарұлы Жақашев

қалалық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша)

2. Сейлбек Әбиұрұлы Ысқақов

Аягөз ауданы әкiмiнің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелерi:

3. Мұхтар Омарханұлы Жакупов

аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)

4. Ерік Мақсұтұлы Исабеков

аудандық медициналық бірлестігінің дәрiгерi (келiсiм бойынша)

5. Сәуле Төлеужанқызы Жақсыбаева

аудандық медициналық бірлестігінің медбикесi (келiсiм бойынша)

Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 465 қаулысына
2 қосымша

Аудандық медициналық бірлестігінің дәрiгер мамандарының
әскерге шақыру комиссиясының штаттан тыс құрамы

      1. Тайбуров Ринат Кабдулвахипұлы – аудандық медициналық бірлестігінің хирургi.
      2. Жұмабаева Гүлнәр Мұсақызы – аудандық медициналық бірлестігінің терапевті.
      3. Галанина Нина Николаевна – аудандық медициналық бірлестігінің фтизиаторы.
      4. Байжұманова Раушан Зайтбекқызы – аудандық медициналық бірлестігінің психиаторы, наркологы.
      5. Тілесбаев Бақытжан Өнербайұлы – аудандық медициналық бірлестігінің невропатологы.
      6. Бабақбаев Серiк Сағатбайұлы – аудандық медициналық бірлестігінің отоларингологы.
      7. Нұржанова Анар Жұматайқызы – аудандық медициналық бірлестігінің окулистi.
      8. Қилыбаева Еркеш Садуалиқызы – аудандық медициналық бірлестігінің дерматовенерологы.
      9. Құсаинов Шалқар Егiнбайұлы – аудандық медициналық бірлестігінің тiс дәрiгерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады