Сайлау науқаны кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 197 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 09 желтоқсанда N 5-8-139 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкім аппаратының 2012 жылғы 04 мамырдағы N 1153 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкім аппаратының 2012.05.04 N 1153 хатымен.
      
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарына кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.А. Атаеваға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      
      
      Аудан әкiмi                                        Г. Акулов
      
      Келiсiлдi:
      
      Бородулиха аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы                      С. Харченко
                                                  2011 жыл 28 қараша

      Бородулиха ауданы әкімдігінің
      2011 жылғы 29 қарашадағы
      № 197 қаулысына қосымша

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарына кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары

Кенттік және ауылдық округтердің атаулары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарына кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Бородулиха ауылдық округі

Бородулиха ауылы, Абай атындағы толық емес орта мектептiң алдыңғы жағы, көлемi 2х2 метр стенд, «Семей Орманы» МОТР ММ алдыңғы жағында, көлемi 2х2 метр стенд

Бородулиха ауылы, Николай Островский атындағы орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х2 метр стенд, Қарттар мен мүгедектер үйiнiң алдыңғы жағында, көлемi 2х2 метр стенд

Бородулиха ауылы, мәдениет үйi ғимаратының оңтүстiк жағында, көлемi 2х2 метр стенд

Знаменка ауылы, мал шаруашылығы кешенінің кiре берiс есiгiнiң жанында

Успенка ауылы, Успенка толық емес орта мектебiнiң алдыңғы жағында, көлемi 2х2 метр стенд

Бородулиха ауылы, АIIБ ғимаратының алдыңғы жағында, көлемi 2х2 метр стенд

2

Бақы ауылдық округі

Аул станциясы, толық емес орта мектептiң солтүстік жағында, 1х2 метр стенд

Коростели ауылы, орта мектептiң солтүстік жағында, 1х2 метр стенд.

Тарск ауылы, фельдшерлiк пункттiң батыс жағында, 1х2 метр стенд.

3

Дмитриевка ауылдық округі

Дмитриевка ауылы, Киров атындағы орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х1,5 метр стенд.

Боровое ауылы, А.Я. Плицтiң тұрғын үйiнiң кiре берiс есiгiнiң жанында

4

Новодворовка ауылдық округі

Ивановка ауылы, ауылдық клубтың оңтүстік жағында, 2х1,5 метр стенд.

Березовка шипажайы, «Березовка» шипажайы асханасының алдыңғы жағында

Березовка подхозы, «Березовка» подхозы клубының алдыңғы жағында

5

Переменовка ауылдық округі

Переменовка ауылы, орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 1х2 метр стенд

Андроновка ауылы, бастауыш мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 1х2 метр стенд

Орловка ауылы, бастауыш мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 1х2 метр стенд

6

Степной ауылдық округі

Шелехов ауылы, орта мектептен шыға берісте алдыңғы жағының оң жағында, 2хЗ метр стенд.

Орловка ауылы, № 1 толық емес орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х2,5 метр стенд

7

Подборный ауылдық округі

Камышенка ауылы, бұрынғы дүкен ғимаратының алдыңғы жағында, 1х1,5 метр стенд

Михайловка ауылы, медициналық пункттің алдыңғы жағында, көлемi 1х1,5 метр стенд

Романовка ауылы, медициналық пункттiң алдыңғы жағында, көлемi 1х1,5 метр стенд

8

Белағаш ауылдық округі

Белағаш ауылы, орта мектеп ғимаратының алдыңғы жағында, көлемi 2хЗ метр стенд

Зенковка ауылы, Краснопол орта мектебі ғимаратының алдыңғы жағында, көлемi 2х3 метр стенд

Бековка ауылы, М.Базарбаевтардың тұрғын үйiнiң кіре берiс есiгiнiң жанында

9

Новопокровка ауылдық округі

Новопокровка ауылы, М.Әуезов атындағы орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 1,5х3 стенд

Новопокровка ауылы, Новопокровка орта мектебінің алдыңғы жағында, көлемi 1,5х3 стенд

Сарноғай ауылы, фельдшерлiк пункттің алдыңғы жағында, көлемi 1,5х3 стенд

10

Петропавловка ауылдық округі

Петропавловка ауылы, Т.Аманов атындағы орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х4 метр стенд

Мещанка ауылы,толық емес орта мектептiң сол жағында, көлемi 2х3 метр стенд

Изатулла ауылы, «Семей Орманы» ММ орман шаруашылығы кеңсесінің алдыңғы жағында, көлемi 2х2 метр стенд

11

Зубаир ауылдық округі

Зубаир ауылы, орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х5 метр стенд.

Жана-Аул ауылы, Урожайная көшесі № 5 бойынша Ж.Х. Ягуфаровтың тұрғын үйінің алдыңғы жағында, көлемі 2х3 метр стенд

Байтанат ауылы, бастауыш мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х3 метр стенд

12

Андреевка ауылдық округі

Михайличенково ауылы, ауылдық клуб ғимаратының батысында, көлемi 1х2 стенд

13

Уба-Форпост ауылдық округі

Уба-Форпост ауылы, колхоздың бұрынғы конторының ғимаратында, көлемi 2х5 метр стенд

Девятка ауылы, «Ернар» шаруа қожалығы кеңсесiнiң оңтүстiк жағында.

14

Новошульба ауылдық округі

Новошульба ауылы, Комаров атындағы орта мектептiң алдыңғы жағы, мектептен шыға берiсте оң жақта, көлемi 1х1,2 метр стенд.

Новошульба ауылы, бұрынғы дүкен ғимаратының алдыңғы жағында,1х1 метр стенд

Новошульба ауылы, «Красный партизан ШҚ» ЖШС конторының алдыңғы жағында.1х1 метр стенд

Потапенково ауылы, бұрынғы дүкен ғимаратының алдыңғы жағында, көлемi 1х1 метр стенд.

Солоновка ауылы, ауылдық клуб ғимаратының алдыңғы жағында, көлемi 1х1 метр стенд.

Пролетарка ауылы, Пролетарка орта мектебiнiң алдыңғы жағы, мектептен шыға берiсте оң жақта, көлемi 1х1,5 метр стенд.

15

Ленин ауылдық округі

Песчанка ауылы, орта мектептiң орталық кiре берiсiнде, көлемi 1х2 метр стенд.

2 Пятилетка ауылы, орта мектептiң орталық кiре берiсiнде, көлемi 1х2 метр стенд.

Алексеевка ауылы, Тягловтардың тұрғын үйінің кіре беріс есігінің жанында.

16

Жерновка ауылдық округі

Жерновка ауылы, Мәдениет үйінің батыс жағында, көлемi 2х5 метр стенд

Боровлянка ауылы, «Семей орманы» МОТР ММ конторының алдыңғы жағында, көлемi 2х4 метр стенд

Пол-Лог ауылы, «Алмакос» шаруа қожалығы конторының алдыңғы жағында

17

Красный Яр ауылдық округі

Красный Яр ауылы, «Оксана» дүкенi ғимаратының алдыңғы жағында, «Аида» дүкенi ғимаратының алдыңғы жағында, «Радуга» дүкені ғимаратының алдыңғы жағында

Речное ауылы, контордың бұрынғы ғимаратының алдыңғы жағында

18

Таврия ауылдық округі

Буркотово ауылы, «Буркотовское» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi ғимаратының алдында, хабарландыру тақтасы

Сахновка ауылы, «Сахновское» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi конторы ғимаратының солтүстiк жағында, көлемi 2х4 метр стенд

19

Жезкент кенттік округі

Жезкент кентi, № 2 орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х6 метр стенд

Жезкент кентi, № 1 орта мектептiң алдыңғы жағында, көлемi 2х6 метр стенд

Жезкент кентi, музыка мектебiнiң алдыңғы жағында, көлемi 2х6 метр стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады