Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 2011.05.12 № 1730-02-10 хаты).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағын, «Шығып кеткендердің орнына мәслихат депутаттарының сайлауын 2011 жылдың 27 наурызына тағайындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 1 шешімін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің және тиісті сайлау комиссияларының ұсыныстарын қарап, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығып кеткендердің орнына аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін келесі мекенжайлар белгіленсін:
Глубокое кенті – Степная көшесі № 51 және 53 үйлердің арасында;
Белоусовка кенті - «Аленка» сауда орталығында; Фабричная көш., ЖК «Зарница» асхана ғимаратында;
Предгорное ауылы – Киров көш., 47, байланыс бөлімшесінің ғимаратында; Шоссейная көш., ЧП Катасонов «Поворот» дүкенінің жанында;
Опытное поле ауылы – Нагорная көш., 3, ВК НИИСХ кеңсесінің фасадында; Степная көш., 2, Мәдениет үйінің ғимаратында;
Зимовье ауылы – ескерткіш маңында;
Тарханка ауылы – Степная көш., 64, Мәдениет үйі ғимаратында;
Винное ауылы – Ворошилов көш., 15, мектеп ғимаратында;
Ново-Ульбинка ауылы – Абай көш., пошта ғимаратында;
Горная–Ульбинка ауылы – Шоссейная көш., 15, пошта ғимаратында.
2. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп насихат баспа материалдарын орналастыратын орындарды хабарландыру орналастыратын қабырғалармен, тақтайлармен, тумбалармен жабдықтасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.А. Баймульдиновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі В. Кошелев
Келісілген:
Глубокое ауданының аймақтық
сайлау комиссиясының төрайымы Н. Грохотова