2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 101 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуірде N 5-10-114 тіркелді. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі N 90 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 2012.04.20 N 90 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19202223 баптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 3 наурыздағы № 1163 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай–ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
      3. «Жарма ауданының № 1 медициналық бірлестігі» ҚМКҚ директоры Т. Брынзова (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
      2) қосымша тексеру үшін жатып емделетін, емдеу-сауықтыру мекемелерінде бос орындар ұстау;
      3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы мәліметтерін, емделгендердің келесі әскери қызметке шақыруға келуін қамтамасыз ету.
      4. Аумақтық бірлік әкімдері әскерге шақырылушыларды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. «Жарма ауданының жұмыс қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Өмірзақовке ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2011 жылдың 1 сәуірінен қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жұмысшылар қоғамдық жұмысқа жолдасын.
      6. Жарма ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Ұ. Шәріповке (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау;
      2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
      3) шақыру медициналық комиссиясының жұмысы кезінде тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлу.
      7. Жарма ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 150 «2010 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 7 мамырдағы № 5-10-98 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жарма ауданының әкімі                      Т . Қасымжанов

      Келісілді:

      Жарма ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы                Ғ. Дайрабаев
                                                 24.03.2011 ж.

      Жарма ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    Ұ. Шәріпов
                                                 24.03.2011 ж.

      «Жарма ауданының № 1
      медициналық бірлестігі»
      ҚМҚК директоры                             Т. Брынзова
                                                 24.03.2011 ж.

Жарма ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 наурыздағы № 101
қаулысына қосымша

1984-1993 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру жүргізу
жөніндегі аудандық комиссияның құрамы

Ғалымсерік Битемірұлы Дайрабаев

ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Томпаков Мейірқан Бейсембайұлы

қаржы-шаруашылық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бөлімнің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Тоқтағанов Болатбек Өзбекұлы

ауданның ішкі істер бөлім бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Шайза Рафағатқызы Даирова

Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің дәрігері (келісім бойынша)

Ахметова Айжан Қасымбайқызы

Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің медбикесі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады