Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Жарма ауданы әкімі аппаратының 2011.05.11 № 1113 хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 20, 22, 23 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр - маусымында және қазан - желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 15 сәуiрдегi № 313 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылсын.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы (қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3. Мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарды «Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігі» КҚМҚ директоры Т. Брынзова (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;
2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде тіркеу жөніндегі комиссияның жолдамалары бойынша азаматтарды қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырушылардың және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы тізімін, келесі мерзімді әскери қызметке шақыруда емделгендердің келуін қамтамасыз ету.
4. Аумақтық бірлік әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. «Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы А. Өмірзақов ұсынылған тапсырысқа сәйкес 2010 жылдың 1 сәуірінен жұмысшыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қоғамдық жұмысқа жолдасын.
6. Жарма ауданының ішкі істер бөлім бастығы О. Өтепов (келісім бойынша) төмендегі ұсынылсын:
1) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен басқадай қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласын;
2) Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын;
3) шақыру медициналық комиссия кезінде тәртіпті ұстау үшін полиция нарядын бөлу.
7. «Жарма ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі № 106 «2009 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 мамырдағы № 5-10-80 болып тіркелген ) қаулысының күші жойылсын.
8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі Т. Касымжанов
Келісілді:
Жарма ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы Ғ. Дайрабаев
22 сәуір 2010 ж.
Жарма ауданының ішкі істер
бөлім бастығы О. Утепов
22 сәуір 2010 ж.
«Жарма ауданы бойынша №1
медицина бірлестігі» КМҚК
директоры Т. Брынзова
22 сәуір 2010 ж.
Жарма ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 23 сәуірдегі № 150
қаулысына қосымша
1983-1992 жылы туған азаматтарды әскерге шақыруды жүргізу
жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
1. Ғалымсерік Битемірұлы Дайрабаев |
ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша); |
2. Томпаков Мейірқан Бейсембайұлы |
қаржы-шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бойынша бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша). |
Комиссия мүшелері: | |
---|---|
3. Тоқтағанов Болатбек Өзбекұлы |
ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша); |
4. Шайза Рафағатқызы Даирова |
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің дәрігері (келісім бойынша); |
5. Айжан Қасымбайқызы Ахметова |
Жарма ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігінің медбикесі (келісім бойынша). |