Ескерту. Күші жойылды - Жарма ауданы әкімдігінің 23.09.2013 N 81 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, мүгедектердi жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Жарма ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарма ауданының жұмыс берушiлерiне мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкiмiнiң орынбасары Н. Шалтабановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Т. Қасымжанов