Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.07.02 N 1078 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы алаңының бір шаршы метріне ай сайынғы төлем мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Сансызбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Зайнулдин
Зайсан ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 18 сәуірдегі
№ 359 қаулысына қосымша
Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін жалпы алаңының бір шаршы метріне
ай сайынғы төлем мөлшері
Төлем мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
А = Ц : Т : 12 ай
64,44 = 64992,25: 125: 12,
ондағы:
А – мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғын үйді пайдалануға төлем, теңге;
Ц – тұрғын үйдің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құрылыс құны, теңге, 64992 (алпыс бес мың тоғыз жүз тоқсан екі) теңге 25 (жиырма бес ) тиын;
Т – ғимараттың қызмет ету есептік мерзімі, жыл, 125 (жүз жиырма бес) жыл.
р/с № |
Үйдің мекен жайы |
Төлем мөлшері |
1 |
2 |
3 |
1 |
Зайсан қаласы, Спамбетов көшесі, 1 |
64 (алпыс төрт) теңге 44 (қырық төрт) тиын |
Аппарат басшысы Н. Қараталов