"Зайсан ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 12-5 шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 16 маусымдағы N 31-3/2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 01 тамызда N 5-11-138 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Зайсан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі N 6-2/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 6-2/1 шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 311 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Зайсан аудандық мәслихатының «Зайсан ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 12-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 21 қаңтарда № 2139 тіркелген, аудандық «Достық» газетінде 2005 жылғы 14 ақпанда № 7 жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      1) Зайсан ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің 6 бөлімінің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «6. Атқарушы органдар, Зайсан ауданының әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Зайсан ауданының ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының міндеттері».
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            А. Самарқанова
 

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Н. Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады