Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.01.30 N 815 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19, 20, 21, 23 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, 2011 жылы күзде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақытылы және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2011 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2. Шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
3. Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (2 қосымша).
4. Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Ж. Толыбаев):
1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.
5. «Зайсан ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорына (Ж. Тлеуберлин):
1) шақырылушылардың зертханалық талдауларының және кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесінде қажетті орындар санын қамтамасыз ету;
3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің қажет санын бөлу;
4) шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылау ұсынылсын.
6. Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Ж. Жүрсімбаев):
1) шақырылушыларды әскерге аттандыруда және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
2) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.
7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
8. Аудан әкімінің аппарат басшысына әскери қызметке шақырудың іс-шараларына жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
9. Ауылдық округ әкімдеріне шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандары туралы хабардар ету және шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Қайырсыновқа жүктелсін.
11. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Зайнулдин
Келісілді:
Зайсан аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы Ж. Толыбаев
10.10.2011 ж.
«Зайсан ауданының медициналық
бірлестігі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры Ж. Тлеуберлин
10.10.2011 ж.
Зайсан аудандық ішкі
істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаев
10.10.2011 ж.
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
Зайсан ауданы әкімдігінің
№ 614 қаулысына 1 қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Толыбаев Жанат Қамзаұлы |
Зайсан аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Қайырсынов Руслан Қайырбекұлы |
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
|
Гайсина Нұрғиза Көпжасарқызы |
аудандық медициналық бірлестігінің клиника-диагностика бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Ақатаев Жасұлан Берікханұлы |
аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) |
Бегімжанова Гүлия Төлеуханқызы |
аудандық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Аудан әкімінің аппарат
басшысының міндетін атқарушы С. Исаева
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
Зайсан ауданы әкімдігінің
№ 614 қаулысына 2 қосымша
Шақыру комиссиясының жұмыс
КЕСТЕСІ
№ |
Ауылдық округ аты |
Саны |
Қараша |
Желтоқсан |
||||||
10 |
12 |
16 |
19 |
30 |
1 |
4 |
8 |
|||
1 |
Айнабұлақ ауылдық округі |
13 |
Х |
|||||||
2 |
Біржан ауылдық округі |
18 |
Х |
|||||||
3 |
Дайыр ауылдық округі |
21 |
Х |
|||||||
4 |
Қарабұлақ ауылдық округі |
22 |
Х |
|||||||
5 |
Қаратал ауылдық округі |
30 |
Х |
|||||||
6 |
Кеңсай ауылдық округі |
12 |
Х |
|||||||
7 |
Сарытерек ауылдық округі |
17 |
Х |
|||||||
8 |
Шілікті ауылдық округі |
22 |
Х |
|||||||
9 |
Зайсан қала округі |
218 |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
10 |
Барлығы |
373 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
50 |
23 |
Аудан әкімінің аппарат
басшысының міндетін атқарушы С. Исаева