Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің 2012.04.10 N 19 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркеуге алу жүргізілсін және ұйымдастырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Зайсан ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры (Ж.Б. Тлеуберлин):
1) медициналық комиссия білікті маман-дәрігерлермен, орта дәрігерлік мамандармен, қажетті жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жасақтау;
2) әскерге шақырушыларды клиникалық тексеру және емдеу үшін ауданның медициналық мекемелерінде қажетті төсек-орын санының бөлінуін қамтамасыз ету;
3) тіркеуге алу аяқталғаннан кейін әскер жасына дейінгілерді емдеу үшін маман-дәрігерлерді тағайындау;
4) 2012 жылы тіркеуге алынатын азаматтарды емдеу және медициналық куәландыру өткізетін емдеу мекемесінің базасын анықтау ұсынылсын.
4. Қала, ауылдық округтердің әкімдері әскери-есеп үстелінің мамандары мен оқу орындарының әскери басшыларының ілесуімен жасөспірімдерді тіркеуге алу уақытында келуі мен күні туралы хабарлауды қамтамасыз етсін.
5. «Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Зайсан ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Ж.Т. Жүрсімбаев) медициналық комиссия жұмысы кезеңiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм бастығының хабарландыруы бойынша тiркеуден бас тартқан азаматтарды iздестiру және қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге, шақыру учаскесiне жеткiзуге көмек көрсету ұсынылсын.
6. Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Ж.Қ. Толыбаев келісім бойынша) Зайсан ауданының білім беру бөлімінің бастығы (С. Абдығалиева) тіркеуге алу кезеңінде әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеуді жүргізу тапсырылсын.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Қайырсыновқа жүктелсін.
8. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Зайнулдин
«КЕЛІСІЛДІ»
Зайсан аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы Ж. Толыбаев
10.12.2011 ж.
«Зайсан ауданының медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын директоры Ж. Тлеуберлин
10.12.2011 ж.
Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер
Департаменті Зайсан ауданының
ішкі істер бөлімінің бастығы Ж. Жүрсімбаев
10.12.2011 ж.