Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі N 492 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 05 қазанда N 5-13-93 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы N 1106 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.10.19 N 1106 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшiн, Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Т. Рақышеваға жүктелсiн.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы» № 281 қаулысының күші жойылсын.


      Аудан әкiмi                                А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады