Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 01.04.2013 N 1319 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-2), 14-3) тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5) тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиыншылықтарды бастан кешіріп жүрген қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтiк қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшiн, Катонқарағай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшiн, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бiр пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Рақышеваға жүктелсiн.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Катонқарағай аудандық әкімдігінің «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 22 қыркүйектегі (2011 жылдың 05 қазанында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5-13-93 тіркелген, 2011 жылғы 14 қазанда аудандық «Арай-Луч» газетінің № 73 (7479) санында жарияланған) № 492 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкiмiнің
міндетін атқарушы Р. Құрмамбаев