РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Новоберезовка ауылдық округi тұрғындарының пiкiрiн ескере келе ШЕШЕМІН:
1. Новоберезовка ауылындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Ленин көшесі - «Тәуелсіздік» көшесіне;
Киров көшесі - «Сакен Сейфулин атындағы» көшеге.
2. Үштөбе ауылындағы Заречная көшесі - «Кәсен Байкенұлы атындағы» көшеге өзгертілсін.
3. Майемер ауылындағы Ленин көшесі – «Тайбұға» көшесіне өзгертілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Г. Нурсалхановаға
жүктелсiн.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкiмi К. Жексембаев