Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 2008 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 04 мамырда N 5-14-125 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 2698 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2012.12.05 N 2698 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5) тармақшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамту үшін, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданының әкімі                         А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады