Күршім ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасын бекiту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі N 29-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 08 қарашада N 5-14-139 тіркелді. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 3-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім аудандық мәслихатының 2012.06.08  N 3-2 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Күршім ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы» бекiтiлсiн (қосымша).
      2. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                          Е. Аубакиров
 

      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы                      Қ. Әбілмәжінов

Аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 30-қыркүйектегі
№ 29-7 шешіміне қосымша

Күршім ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
ҚАҒИДАСЫ

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес әзiрленген.
      1. Осы Қағида аудан аумағындағы иттерi және мысықтары бар бұдан әрi мәтiн бойынша «Иелер» деп аталатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      2. Иттерi және мысықтары бар иелер санитарлық - гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық нормаларды және оларды ұстау Қағидасын осы жануарлардың жалпы қолданыстағы орындарды қоса алғанда ластауына жол бермеудi, сондай-ақ адамдар қауiпсiздiгiн, тыныштықты мiндеттi түрде қамтамасыз етудi сақтауға мiндеттi.
      3. 2 тармақта көрсетiлген талаптарды сақтаған жағдайда рұқсат етiледi:
      1) жеке үйлерде қоршалған аумақтарда иттердi ұстауға, иттiң бар екендiгi туралы кiрер есiкте ескертпе жазба болуы тиiс;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердiң рұқсатымен балалар және жасөспiрiмдер мекемелерiндегi «зообұрыштарда», «тiрi табиғат бұрыштарында» иттердi, мысықтарды ұстауға;
      3) мекемелер мен ұйымдардағы күзетшi иттердi байлауда немесе торларда ұстауға;
      4) тиым салатын жазбалар болмаған жағдайда иесiнiң тұмылдырық кигiзген және қысқа қарғыбауға байлаған итiмен мекемелерге, азық-түлiктiк емес дүкендерге, поштаға баруына.
      4. Иттер мен мысықтарды көлiктерде тасымалдау жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс. Бұл кезде жануарлар немесе тұмылдырықтанған, немесе арнайы торларда, сөмкелерде болуы тиiс.
      5. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, кiшi саябақтарда және басқа жерлерде) байлаулы қалтырылғандарынан басқа иесiз жүрген иттер қаңғыбас иттер деп саналып аулап және жоюға жатады. Қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстап алып жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

2. Иттер мен мысықтар иелерiнiң мiндеттерi

      6. Жануарлардың иелерi тиіс:
      1) жануарларды үнемi егiп отыруды жүргiзуге;
      2) иттердің, мысықтардың тiстеген, жарақаттаған жағдайлары туралы дәрiгерлiк, ветеринарлық мекемелерге жедел хабарлауға;
      3) адамдар мен жануарларды тiстеген немесе оларды жарақаттаған иттер мен мысықтарды тексеру үшiн және қажетті iс-шараларды өткiзу үшiн ветеринарлық мекемелерге жедел жеткiзуге;
      4) иттердi қысқа қарғыбаумен, iрi иттердi - тұмылдырықпен көшеден өтуге;
      5) қолданысында жер телiмi бар болса еркiн серуендеп жүрген иттердi қоршалған аумақтарда немесе байлауда ұстауға. Учаскеге кiрер жерде иттiң бар екендiгi туралы ескертпе жазба болуы тиiс;
      6) жануарларды олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес ұстауға, оларға адамгершiлiкпен қарауға, қараусыз, тамақсыз және сусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға, ал ауырып қалған жағдайында - дер кезiнде ветеринарлық көмекке жүгiнуге.
      7. Жануарлар иелерi тиіс емес:
      1) жануарларды балалардың аула алаңдарының, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң, мектептердiң және оқу орындарының, денсаулық сақтау объектiлерiнiң, спорт алаңдарының, саябақтардың, су қорғандарының аумақтарында және ортақ суға түсетін орындарда серуендетуге;
      2) жануарларды жалпы қолданыстағы жерлерде: кiре берiстерде, саты алаңдарында және шатырларда, жертөлелерде, жатақхана дәлiздерiнде ұстауға;
      3) аудан аумағында ит төбелестерiн өткiзуге;
      4) өлген жануардың өлексесін лақтырып тастауға немесе өздіктерінен көмуге.

3. Үй жануарлары иесiнiң құқықтары

      8. Кез-келген жануар өз иесiнiң жеке меншiгi болып табылады және заңмен қорғалады.
      9. Заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, жануарлар иесiнен тек оның келiсiмi арқылы ғана алынады.
      10. Иесi итiн қысқа қарғыбауға байлап (iрi иттердi - тұмылдырықтап) дүкеннiң немесе басқа мекеменiң жанына шектеулi уақытқа ғана қалдыруға құқылы.

4. Осы Қағиданы сақтамағаны үшiн жануар
иесiнiң жауапкершiлiктерi

      11. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жануар иесi Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 311 бабына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
      12. Жануарларға олардың өлуiне немесе жарақат алуына әкелiп соғатындай қатiгездiкпен қарағаны үшiн иесi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

5. Қағиданың сақталуын бақылау

      13. Ауданда осы иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

      Күршім аудандық
      мәслихаттың хатшысы                      Қ. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады