2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 сәуірдегі N 115 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тарбағатай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде N 5-16-112 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы N 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2012.01.24 N 10 қаулысымен.

      «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы № 250 қаулысын іске асыру мақсатында «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19 бабының 3 тармағын, 20 бабының 1 тармағын, 21 бабының 1 тармағын23 бабын, 44 бабының 12 тармақтарын, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа алып, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi шақыру кезiнде он сегіз жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты жиырма жеті жасқа дейiнгi шақыруды кейiнге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2011 жылғы сәуiр-маусым және қазан–желтоқсан айлары кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарына әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Шақыруға арналған аудандық комиссияның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. «Тарбағатай аудандық № 1 медициналық бірлестігі» мемлекеттiк қазыналық коммуналдық кәсiпорынының директоры (Итбаев Д. - келiсiм бойынша) «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағына:
      1) 2011 жылғы сәуiр-маусым және қазан–желтоқсан айлары кезеңде шақырушыларды медициналық куәләндыру жүргiзу үшiн маман дәрiгерлердi және медбикелердi 2-қосымшаға сәйкес бөлсiн;
      2) 2011 жылғы сәуiр-маусым және қазан–желтоқсан айлары кезеңде «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне әскерге шақырушылар жасына толған диспансерлiк есепте тұрған адамдардың тiзiмiн, сол сияқты ауыратын шақырушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткiзсiн;
      3) шақыру кезiнде стационарлық емделуде жатқан әскерге шақырушылар туралы мәлiмет үш күннiң iшiнде «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне хабарлансын;
      4) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге аттандыру күні соңғы тексеруден өткізуге кезекші дәрігер тағайындасын.
      4. «Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекеме бастығы (Сейлханов Е. - келiсiм бойынша):
      1) шақыру кезiнде шақыру пунктiнде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн полиция нарядын бөлсiн;
      2) әскери мiндеттiлiк атқарудан бас тартушы адамдарды iздестiру және шақыру пунктіне жеткізсiн;
      3) жетi күндiк мерзiм iшiнде «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырушылар туралы хабарлансын.
      5. Мемлекеттiк орган және меншiк түрiне қарамастан ұйым басшылары әскерге шақырушыларды iс сапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және шақыру қосынына дер кезiнде келуiн қамтамасыз етуге тиiс.
      6. Ауылдық округ әкiмдерi «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң келiсiмi бойынша шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
      7. «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Қ. Мауадинов) 2011 жылдың аудандық бюджетінде осы iс шараларды өткiзу үшiн белгіленген мөлшерде қаржыландыруды уақытында өткізсін.
      8. «Тарбағатай ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекеме бастығы (А. Қарабиев) аудан әкiмiне 2011 жылдың 25 маусымында және 2011 жылдың 25 желтоқсанында шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.
      9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктеледі.
      10. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Аудан әкiмi                              М. Сапарғалиев

      Келісілді:

      Аудандық қорғаныс iстерi
      жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы             А. Қарабиев

      31.03.2011 жыл

      Аудандық iшкi iстер
      бөлiмiнiң бастығы                       Е. Сейлханов

      31.03.2011 жыл

      Тарбағатай аудандық
      № 1 медициналық
      бірлестіктің директоры                 Д. Итбаев

      31.03.2011 жыл 

Тарбағатай ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 01 сәуірдегі
№ 115 қаулысына
1-қосымша

2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті
әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы

1. Қарабиев Абдрахман Жұмашұлы

комиссия төрағасы, Аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы (келісім бойынша)

2. Тайшөгелов Айдос Жанабайұлы

комиссия төрағасының орынбасары, Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы

3. Байжуманов Ескал Майданұлы

Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығының орынбасары (келісім бойынша)

4. Жақсылыков Гайдар Камзаұлы

№ 1 медициналық бірлестігінің директорының орынбасары, әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

5. Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы

комиссия хатшысы (келісім бойынша)

      Аппарат басшысы                               Қ. Мауадинов 

Тарбағатай ауданы әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 01 сәуірдегі
№ 115 қаулысына
2-қосымша

Шақыру комиссиясының жұмысына қатысатын
маман дәрiгерлердiң құрамы

1.

Жоламанова Нұргүл Құдайбергенқызы

- невропатолог

2.

Жақиянова Сабира Жақияновна

- отолоринголог

3.

Аширов Ақылжан Габдимович

- стоматолог

4.

Габдулов Дулат Габдулович

- хирург

5.

Омарбеков Алдаберген Омарбекұлы

- терапевт

6.

Берікбаев Нұрлан Ғазизұлы

- окулист

7.

Молдекин Мейрғазы Асылғазыұлы

- рентгенолог

8.

Сатиев Ерлан Хамзаұлы

- ренген-лаборант

9.

Ахметжанова Оралхан Нұрамбасовна

- психиатр

10.

Шаймарданова Гүлнар Абайқызы

- дерматовенеролог

11.

Жаназарова Дина

- лаборант

12.

Мукушова Раушан Болатбекқызы

- медбике

13.

Габдуллина Нұргүл Тоқтамұратқызы

- медбике

14.

Қасымжанова Шынар Акманқызы

- медбике

15.

Оразбаева Назым Серікқызы

- медбике

16.

Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы

- хатшы

      Аппарат басшысы                         Қ. Мауадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады