Благодарное ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі N 09 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 28 сәуірде N 5-18-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес Благодарное ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Благодарное ауылы Центральная көшесінің атауы - Болат Ибраев атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы С. Ақпаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Благодарное ауылдық
      округінің әкімі                         Қ. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады