Благодарное ауылдық округі аймағында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі N 12 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 08 тамызда N 5-18-127 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 16 шешімімен

      Күші жойылды - Үржар ауданы Благодарное ауылдық округі әкімінің 2011.11.03 N 16 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2011 жылдың 14 маусымдағы № 520 ұсынысы негізінде Благодарное ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Благодарное ауылдық округінің аймағында мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
      2. Благодарное ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы М. Толековке осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға Благодарное ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
      4. Благодарное ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Т. Оразхановқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      5. Благодарное ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық дәрігері Т. Ибраевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      6. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Благодарное ауылдық округінің әкімі              Қ. Қасенов
 

      Келісілді:

      Благодарное ауылдық округінің
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы                         М. Толеков
 
      «18» шілде 2011 ж.

      "Үржар аудандық № 2 медициналық
      бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынының директоры              Н. Жакиянова
 
      «18» шілде 2011 ж.

      Благодарное ауылдық округінің
      участкелік полиция инспекторы                  Т. Оразханов
 
      «18» шілде 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады