Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Тінәлі ауылы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 мамырдағы N 145 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 маусымда N 7-2-120 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық әкімдігінің 2011.06.20 N 158 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 24 мамырдағы N 326 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Тінәлі ауылы аумағына ірі қара малының арасында аусыл ауруы шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Сердалин, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы К. Ермұқашев (келісім бойынша), Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Абуғалиев (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Сүлейменова (келісім бойынша) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 24 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Рахымжановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Иманғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Ақжайық
      аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      _____________Қ. Ермұқашев
      31.05.2011 ж.

      Ақжайық ауданының
      бас мемлекеттік
      ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы
      _____________А. Абуғалиев
      31.05.2011 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау Комитетінің
      Батыс Қазақстан облысы
      бойынша департаменті
      "Ақжайық ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Т. Сүлейменова
      31.05.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады