2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әілет департаментінде 2011 жылғы 11 мамырда № 7-4-118 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2012.01.25 № 29 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды шақыру комиссиясынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
      5. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуге дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Бөкей ордасы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды шақыру учаскелеріне жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      7. "Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуге байланысты шараларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Бөкей ордасы
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ғаббас Әділгерей Уалиұлы
      06.04.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысы ішкі
      істер департаменті Бөкей
      ордасы ауданының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      _____________Хайруллин Ізімбек Сақтарұлы
      01.04.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      Бөкейорда ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы, майор
      _____________Алтаяқов Бауыржан Жиенбайұлы
      04.04.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 49 қаулысына қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Алтаяқов Бауыржан Жиенбайұлы

-

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Айткалиев Ержан Жексенұлы

-

аудан әкімі аппаратының басшысы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері

Адушев Альберт Ильбергенұлы

-

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Хаирова Ағайша Ермекқызы

-

аудандық орталық аурухананың терапевт дәрігері, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Мұкатова Рязь Имашқызы

-

аудандық орталық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Аудандық шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы

Теміров Бердібек Баубекұлы

-

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру және келісім-шарт бойынша әскери қызметкерлерді жинақтау бөлімшесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)

Бекбол Жұмабекұлы

-

аудан әкімі аппаратының құжаттармен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері

Хасенов Асылбек Нариманұлы

-

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Нүркенов Серік Насиұлы

-

аудандық орталық аурухананың хирургі, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Ташуов Жалғас Есқайырұлы

-

"Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, комиссия хатшысы

Аудандық медициналық комиссияның құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер

      Дәрігер мамандар:
      Хирург
      Офтальмолог
      Невропатолог
      Дерматолог
      Стоматолог
      Отоларинголог
      Терапевт
      Психиатр
      Фтизиатр

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 49 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

№ р/с

Атауы

Комиссияның жұмыс күндері

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1.

"Батыс Қазақстан облысы Бөкей орда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

1, 4, 5, 6, 7, 8, 11

-

-

3, 4, 5, 6, 7, 10, 11

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады