Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің 2012.02.20 № 4 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы Ж. Сұлтанғалиевтың 2011 жылғы 27 тамыздағы № 589 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Р. Зұлқашевке (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Рамазановаға (келісім бойынша), Бөкей ордасы аудандық Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Ж. Сұлтанғалиевке (келісім бойынша) ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық жануарларының арасында аса қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында өз құзыреттері шегінде осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 27 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4 Осы шешімнің орындалуын бақылау Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, малдәрігері М. Төлегеновке жүктелсін.
Сайқын ауылдық округі әкімі Ж. Батырханов
КЕЛІСІЛДІ:
Бөкей ордасы аудандық Бас
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы
_____________Ж. Сұлтанғалиев
22.11.2011 ж.
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Бөкей ордасы
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Р. Зұлқашев
25.11.2011 ж.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
"Бөкей ордасы ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________С. Рамазанова
02.12.2011 ж.