Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2011.12.26 № 281 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. Шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссиясы құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өтуі үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді қамтамасыз етсін.
5. "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
6. "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.
7. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі Т. Имашев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Габдуллин Абай Мустафаұлы
14.04.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті
Жаңақала ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Мырзағалиев Мирболат Уалиұлы
14.04.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі, Батыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау
басқармасының "Жаңақала
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Уразгалиев Султанбек Саинұлы
14.04.2011 ж.
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі № 63
қаулысына қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Габдуллин Абай Мустафаұлы - аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлім бастығы,
комиссия төрағасы
(келісім бойынша)
Нургалиев Фархат Файлович - аудан әкімі аппаратының
бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Алекенова Акмарал - аудандық орталық
Жумабаевна аурухананың медбикесі,
комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Тумангалиев Ерсайн - аудандық ішкі істер бөлімі
Нагаметулович бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Бекенов Коблан - аудандық орталық
Рахметоллаевич аурухананың терапевт
дәрігері, медициналық
комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
Аудандық шақыру комиссиясының резервтік құрамы
Кайсагалиев Данияр - аудандық қорғаныс істері
Нұрбайұлы жөніндегі бөлімі бастығының
орынбасары, комиссия
төрағасы (келісім бойынша)
Маширов Нурлан Асылбекұлы - аудан әкімі аппаратының
бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Жаданова Ажар Мәжитқызы - аудандық орталық
аурухананың медбикесі,
комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері
Дегенбаев Ринат Маратович - аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Ишанова Алма Еслямқызы - аудандық орталық
аурухананың терапевт
дәрігері, медициналық
комиссияның төрағасы
(келісім бойынша)
Аудандық медициналық комиссияның құрамы
Медициналық комиссияның төрағасы
Дәрігер мамандар:
Терапевт
Хирург
Невропатолог
Отоларинголог
Офтальмолог
Дерматолог
Фтизиатр
Эндокринолог
Психиатр
Стоматолог
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі № 63
қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№ |
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім |
Комиссияның жұмыс күндері, |
|||||
наурыз |
сәуір |
мамыр |
қазан |
қараша |
жел- |
||
1. |
"Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекет- |
28.03. |
04.04. |
04.10. |