Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы кейбір көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 мамырдағы N 142 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 20 маусымда N 7-5-129 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, халықтың пікірін ескере отырып, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 3 ақпандағы хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы кейбір көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      N 63 көшеге - "Бақтығали Уәлиевтің атындағы" атау берілсін;
      N 66 көшеге - "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы" атау берілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Бигалиевке жүктелсін.

      Жаңақала ауылдық
      округінің әкімі                  Д. Закарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады