Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қызтағы аумағына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы N 162 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 тамызда N 7-6-127 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 14.09.2011 № 190 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жәнібек ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 9 тамыздағы N 529 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінің Комсомол қыстағы аумағына ірі қара малының арасында сібір жарасы ауруының шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Жәнібек ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі А. Қаратаевқа, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Телағысов (келісім бойынша), "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Ерғалиевке (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Мұстаевқа (келісім бойынша) қыстақ тұрғындары мен ауыл шаруашылық жануарларының арасында аса қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында өз құзыреттері шегінде қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 9 тамызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Менеевке жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Р. Өтешев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Жәнібек аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________А. Телағысов
      16.08.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысының
      Ішкі істер департаменті
      Жәнібек ауданының ішкі
      істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Т. Ерғалиев
      16.08.2011 ж.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау Министрлігі
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      Комитетінің Батыс Қазақстан
      облысы бойынша департаменті
      "Жәнібек ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Н. Мұстаев
      16.08.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады