2011 жылғы Зеленов ауданы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 356 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 тамызда № 7-7-132 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы N 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2012.01.27 қаңтардағы N 9 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысы және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 99 "2011 жылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттен субсидиялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3064) қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға құжаттар қабылдау мерзімі 2011 жылдың 6 мамырдан 10 маусымына дейін айқындалсын.
      2. 2011 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. М. Ибрагимовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 15 мамырынан бастап туындаған құқық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 15 шілдедегі
№ 356 қаулысына
қосымша

2011 жылға субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы дақылдарын
оңтайлы себу мерзімдері

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Оңтайлы себу мерзімдері

Жаздық бидай

15 мамырдан 10 маусым бойынша

Тары

15 маусымға дейін

Арпа

15 мамырдан 10 маусым бойынша

Сұлы

15 мамырдан 10 маусым бойынша

Майлы дақылдар

15 мамырдан 10 маусым бойынша

Картоп

15 маусымға дейін

Көкөніс және бақша өнімдері

15 маусымға дейін

Жемшөптік дақылдар (өткен жылғы егілген көпжылдық шөптерді қоспағанда)

15 мамырдан 10 маусым бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады