Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2011 жылдың 26 тамыздағы ономастикалық комиссиянын отырысының N 3 хаттамасы және 2011 жылдың 25 тамыздағы Калининское ауылының тұрғындары жиналыстарының N 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 хаттамаларын есепке ала отырып, Переметный ауылдық (селолық) округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Калининское ауылындағы жаңа салынған шағын ауданға "Мұнайшы" атауы берілсін.
2. Калининское ауылындағы жаңа салынған"Мұнайшы" шағын ауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
N 1 көшесіне – атауы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл";
N 2 көшесіне – атауы "Жаңа қоныс";
N 3 көшесіне – атауы "Кең дала";
N 4 көшесіне – атауы "Аруана";
N 5 көшесіне – атауы "Мерей";
N 8 көшесіне – атауы "Болашақ";
N 9 көшесіне – атауы "Қазақстан халқы Ассамблеясы";
N 10 көшесіне – атауы "Арнау".
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Переметный ауылдық
(селолық) округі әкімі Т. Жунусова