2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 83 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 19 мамырда № 7-8-128 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 ақпандағы № 32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2012.02.14 № 32 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылдың 3 наурыздағы № 1163 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 11 наурыздағы № 250 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға босатуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссиясы құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.
      4. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды медициналық және шақыру комиссияларынан өту үшін жеткiзудi және оларды әскери қызмет өткеру үшiн жөнелтудi қамтамасыз етсін.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      6. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) және "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз етсін.
      7. "Батыс Қазақстан облысы ішкі істер Департаменті Казталов аудандық ішкі істер бөлімі"мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. "Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, орындауға байланысты шығындарға аудандық бюджеттен қаралған ақша қаражатын бөлсін.
      9. "Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қорытынды ақпаратты 2011 жылдың 30 шілдесіне және 2011 жылдың 27 желтоқсанына тапсыру ұсынылсын.
      10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірден туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      11. Осы қаулының орындау барысы аудан әкімінің орынбасары С. Молдашевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Т. Сапаров

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысы
      ішкі істер департаменті
      Казталов аудандық ішкі
      істер бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________Б. Бисенов
      12.04.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысы
      Казталов ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Е. Кабиров
      12.04.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі, Батыс Қазақстан
      облысының денсаулық сақтау
      басқармасының Казталов
      ауданының "Казталов аудандық
      орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорын
      директоры
      _____________Қ. Алтаев
      12.04.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі, Батыс Қазақстан
      облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Казталов
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорын
      директоры
      _____________Е. Рабаев
      12.04.2011 ж.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 12 сәуірдегі
№ 83 қаулысына қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы

      1. Кабиров Ерлан Рысқалиұлы  – аудандық қорғаныс істері
                                     жөніндегі бөлім бастығы,
                                     комиссия төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      2. Өміралиев Қайыржан        – комиссия төрағасының
         Мақсотұлы                   орынбасары, аудан әкімі
                                     аппаратының ұйымдастыру
                                     және кадрлармен жұмыс
                                     бөлімінің меңгерушісі

Комиссия мүшелері

      1. Ғаббасов Сағат Беққалиұлы – аудандық ішкі істер
                                     бөлімі бастығының
                                     орынбасары
                                     (келісім бойынша)

      2. Ғұмарова Ботакөз          – аудандық аурухана
         Төлеуғалиқызы               дәрігері медициналық
                                     комиссия төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      3. Қуанышева Нұржамал        – медбике, комиссия
         Ишанқызы                    хатшысы
                                     (келісім бойынша)

Комиссияның резервтік құрамы

      1. Ахонов Арман              – аудандық қорғаныс істері
         Жәрдемғалиұлы               жөніндегі бөлімінің
                                     бөлімше бастығы,
                                     комиссия төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      2. Керешов Айбек Асылбекұлы  – аудан әкімі аппаратының
                                     бас маманы комиссия
                                     төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері

      1. Сапахова Гүлнар           – жасөспірімдер дәрігері,
         Мутиғоллақызы               комиссия төрайымы
                                     (келісім бойынша)

      2. Уртаев Бекбол             – аудандық ішкі істер
         Сағидоллаұлы                бөлімі бастығының
                                     орынбасары
                                     (келісім бойынша)

      3. Ищанова Гүлнар Қабайқызы  – комиссия хатшысы,
                                     медбике
                                     (келісім бойынша)

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссиясының төрағасы, дәрігер

      дәрігер-мамандар:
      терапевт
      хирург
      невропатолог
      отоларинголог
      офтальмолог
      дерматолог
      фтизиатр
      эндокринолог
      психиатр
      стоматолог

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 12 сәуірдегі
№ 83 қаулысымен бекітілген

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты 8.00-ден 16.00-ға дейін

"Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Сәуір

Мамыр

Маусым

Қазан

Қараша

Желтоқсан

5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15

3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 16

1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15

3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14

1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 15

1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады