2011 жылы Қаратөбе ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 наурызда № 7-9-102 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2011.05.13 № 15 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасының 2005 жылы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңның 17 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қаратөбе ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) тіркелгендерді медициналық тексеруден өткізу жөнінде жан-жақты шаралар алу ұсынылсын.
      3. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелерін тіркеу жұмысын ұйымдастыруға қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
      4. Селолық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскелеріне толық түрде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      Н. Қарағойшин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысы
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Қаратөбе
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Мағзомов Зейіл Жөкенұлы
      22.02.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Қаратөбе ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Мажитов Рафхат Қуанаевич
      22.02.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады