Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 17-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Елді мекендердің атотұрақтар үшін бөлінген жерлері Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381 бабында белгіленген базалық салық ставкасы (0,48 теңге) он есеге ұлғайтылсын.
2. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы" 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-9-80 тіркелген, 2009 жылғы 27 наурыздағы "Қаратөбе өңірі" N 13 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Сессия төрағасы | Е. Гумаров |
Мәслихат хатшысы | Б. Тойшыбаев |