Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген, казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 7-9-80 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 маусымдағы N 29-6 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2011.06.21 N 29-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 381, 386 баптарын басшылыққа алып аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлеріне салынатын салық ставкасының мөлшері белгіленген базалық ставканың (0,48 теңге) он есе ұлғайтылған көлемінде 4 теңге 80 тиын болып бекітілсін.

      2. Осы шешім қабылдануына байланысты аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 5 науырыздағы N 5-8 шешімінің (тіркеу N 2617; 2004 жылғы 15 сәуірде, "Еңбек туы" газетінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 20 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы М.Дошанова
      Аудандық мәслихат хатшысы Т.Сагинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады