Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011.12.30 № 355 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2), 5-4) тармақшаларына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде шараларды алсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
Аудан әкімі Ө. Мырзағалиев
Тасқала ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 42 қаулысына қосымша
2011 жылға нысаналы топтарға
жататын адамдардың қосымша тізбесі:
1. 6 айдан жоғары жұмыссыз отырғандар;
2. 50 жастан жоғары жұмыссыз әйелдер;
3. 55 жастан жоғары жұмыссыз ерлер;
4. Техникалық және кәсіптік, сонымен қатар орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
5. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар тұлғалар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық–мерзімдік жұмыс мезгілдерінде);
6. Ұзаққа созылған жұмыссыздарға жататын тұлғалар – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
7. Отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
8. 29 жасқа дейінгі жастар;
9. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар.