Тасқала ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы N 17 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қаңтарда N 7-11-153 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2012.04.04 N 4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Тасқала ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық тексеруден өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
      3. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды көрсетілген мерзімде оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар ету және оларды дер кезінде аудандық шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Қ. Мусин

      КЕЛIСIЛДI:

      "Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының шаруашылық
      жүргізу құқығындағы
      "Тасқала аудандық орталық
      ауруханасы" мемлекеттік
      коммуналдық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Г. Кенжешева
      23.12.2011 ж.

      "Батыс Қазақстан облысы
      Тасқала ауданының Қорғаныс
      iстер жөнiндегi бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________А. Габдуллин
      23.12.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады