2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы N 344 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 қаңтарда N 7-11-154 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 28 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 29.01.2014 № 28 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нысаналы топтарға жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнінде шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Қ. Мусин

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
N 344 қаулысына қосымша

2012 жылға нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесі:

      1. 6 айдан жоғары жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелгендер;
      2. 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3. 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4. Техникалық және кәсіптік, сонымен қатар орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      5. Аудан орталығынан тыс елді мекенде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық–мерзімдік жұмыс мезгілдерінде);
      6. Ұзаққа созылған жұмыссыздарға жататындар – он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық;
      7. Отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      8. 29 жасқа дейінгі жастар;
      9. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      10. Бұрын жұмыс жасамаған (бірінші рет іздеуші) тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады