Жер салығының базалық ставкаларын 50 пайызға жоғарылату туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 желтоқсандағы N 43-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 қаңтарда N 7-12-117 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 7-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 20.12.2012 № 7-5 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, жерлерді өңірлерге бөлу жобасы (схемасы) негізінде Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 381-бабымен белгіленген елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары (теңге) 50 пайызға жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы                  М. А. Мулдабеков
      Аудандық мәслихат хатшысы        М. О. Төлегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады