Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 3-1 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағысы А. Шотпанов
Мәслихат хатшысы М. Малтиев
2011 жылы 17 қарашадағы
N 41-5 аудандық мәслихат
шешімімен бекітілген
Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылығы
жануарларын ұстау және жаю
Ережесі
1. Жалпы ережелері
1. Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және бағу Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Шыңғырлау ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және жаю тәртібін ұйымдастыру іске асыруын белгілейді.
3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылық жануарлары - адам өсіретін, ауыл шарушылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылық жануарлары мен үй құстары;
2) жануарлардың иесі – жеке меншік немесе басқа да қарауында жануарлары бар жеке немесе заңды түлға;
3) жануарларды ұстау - жануарлардың ветеринарлық-санитарлық нормаларын сақтай отырып, орынсыз шығындарға соқтырмай толыққанды ұрпақ алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-әрекеттері;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - "Шыңғырлау ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
2. Ауыл шаруашылығы жануарларды
ұстауды ұйымдастырудың тәртібі
4. Ауыл шаруашылық жануарлары арнайы жабдықталған жабық орындарда ұстауы тиіс.
5. Тұрғын үйлерде бір отбасынан артық отбасы тұрған кезде, осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда, ауыл шаруашылық жануарларын арнайы жабдықталған жабық орындарда ұстауға жол беріледі.
6. Ауыл шаруашылық жануарларын сату, әкелу, әкету ветеринария саласындағы өкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі ветеринарлық сертификат рәсімделгеннен кейін ветеринарлық паспорт негізінде жол беріледі.
7. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
1) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша жыл сайын ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын-алу шараларын жасау;
2) санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
3) ауыл шаруашылық жануарларына жанашырлықпен қарау, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
4) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша уақытында ауыл шаруашылық жануарларына диагноз қоюға, зерттеуге, емдеуге, қарауға, аурудың алдын алу үшін ветеринариялық мамандарға уақытында апару және жағдай жасау;
5) барлық ауыл шаруашылық жануарларына паспорт алуды және бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
6) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмау және бос бетімен жібермеу, жасыл-желектерді таптатып, бүлдірмеу;
7) адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
8) ауыл шаруашылық жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында ветеринария саласындағы өкілетті органға хабарлау;
9) ауыл шаруашылық жануарлары адамға немесе басқа жануарға зақым келтірген жағдайда таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлау;
10) жануарлардың мүрдесін алып кету және жою үшін уақытында коммуналдық кәсіпорнына, ветеринариялық маманға хабарлау.
8. Жол берілмейді:
1) Ауыл шаруашылық жануарларын қаладағы және ауылдағы кісі тұратын аймақта бағуға және айдауға;
2) көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылық жануарларын қыдыртуға;
3) ауыл шаруашылық жануарларын адамдар дем алатын басқа да табиғи жасанды су айдындарына түсіруге;
4) қоршаған ортаны ластауға;
5) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей ауыл шаруашылық жануарларды өткізу үшін союға және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жасамай өткізуге жол бермеуге;
6) ауыл шаруашылық жануарларының мүрдесін лақтыруға немесе жерге көмуге;
7) ауыл шаруашылық жануарларын темір жол қарауына алынған жерде бағуға, ауыл шаруашылық жануарларын темір жол бойында рұқсат етілмеген жерлерден иесінің қостауынсыз өтуге;
8) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзуға.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларды
бағуды ұйымдастырудың тәртібі
9. Жеке секторының ауыл шаруашылығы жануарларды бағуды селолық әкімі ұйымдастырады және тиісті елді мекендерінің тұрғындарының жалпы жиналысына ұсыныс енгізеді.
10. Елді мекенінің тұрғындарының жалпы жиналысында жануарларды бағу жөніндегі комиссия сайланады және жануарларды бағудың ақысы белгіленеді.
11. Ауылдық округ әкімі:
1) елді мекендерде жайылым аумағын айқындайды, жер телімдерін Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес актілерді рәсімдейді;
2) елдімекендерде ауыл шаруашылық жануарларын бағу жұмыстарын ұйымдастырады;
3) қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының уақытша тұрағын ұйымдастырады;
4) үнемі тұрақты жағдайда ішкі істер органдарымен бірлесіп мал ұрлау фактірлерін болдырмау үшін алдын ала жұмыстарын ұйымдастырады.
12. Жеке меншіктің ауылшаруашылық жануарларын бағу азаматтық заңнамаларында белгіленген тәртібімен жасақталған келісім - шарт арқылы жүзеге асырылады.
4. Ереженің сақталуын бақылау
13. Осы ереженің сақталуын бақылауды ветеринария саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Осы Ережені бұзғаны үшін
ауыл шаруашылық жануарлары
иелерінің жауапкершілігі
14. Осы Ережені бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес жауапқа тартылады.
15. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтеуі үшін сотқа шағымдануға құқылы.