Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштердің нысандарын, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 14 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7420 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 9-1-бабының 1 және 16-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштердің нысандары;

      2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Р. Түсіпбеков


  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      _________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      _________________________

      тел:

      _________________________

      (паспорттық деректер)

Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен (Біз)____________________________________________________________

      (автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты)

      _______Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) __________________

      ______________________________________________________________жасаған

      (объектінің жасалған күні, айы, жылы)

      _________________________________________________________деп аталатын

      жарияланбаған________________________________________________________

      (авторлық құқық объектісінің түрі)

      жалғыз авторы (авторлары) болып табылатынымды (табылатынымызды)

      растаймын (растаймыз) және осы авторлық құқық объектісін Қазақстан

      Республикасы Әдiлет министрлігiнде тіркеуді өтінемін (өтінеміз).

      Осымен осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі

      (иеленушілері) болып табылатынымды (табылатынымызды) және объектіні

      жасаған кезде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын да растаймын

      (растаймыз).

      Туындыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнде тіркеу

      фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге)

      түсіндірілді.

      20____ж. "____" __________ ___________________

      (автор(лар)дың қолы)

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі

      заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға

      келісемін.

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      _________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      _________________________

      тел:

      _________________________

      (паспорттық деректер)

Құқық иеленушінің авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге
ӨТІНІШІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (құқық иеленушінің атауы)

      _______Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ________________

      осымен ______________________________________________________________

      (автор(лар)дың Т.А.Ә., авторлардың паспорттық (объектінің жасалған

      күні, айы, жылы) деректері)

      ЖСН _____________________

      жасаған__________________________________________________деп аталатын

      _____________________________________________________________________

      (авторлық құқық объектісінің түрі)

      осымен айрықша мүліктік құқықтардың иесі болып табылатынымызды

      (табылатынын) растаймын (растайды) және осы объектіге айрықша

      мүліктік құқықтарды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнде

      тіркеуді өтінемін (өтінеді).

      Осымен осы объектіні авторлар жасаған кезде басқа тұлғалардың

      құқықтары бұзылмағанын да растаймын (растаймыз).

      Туындыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнде тіркеу

      фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге)

      түсіндірілді.

      20____ж. "____" __________ _________________

      (қолы)

      Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Авторлық құқық объектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.03.2015 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      № ______ 20 __ ж. "____" ________

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде автордың/құқық

      иеленушiнiң өтiнiшi бойынша

      авторы______________________________________________ болып табылатын

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      авторлық құқықпен қорғалатын объектiге айрықша мүлiктiк емес/мүлiктiк

      құқықтар "___________________________" атауымен тiркелгенi куәландырады.

      Автордың/құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша авторлық құқықпен

      қорғалатын объектiге айрықша (мүлiктiк) құқықтар және

      ____________________жасалған объектi ________________________тиесiлi

      (күнi, айы, жылы) (тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды

      тұлғаның атауы)

      және автор/құқық иеленушi жоғарыда көрсетiлген объектiнi жасаған

      кезде басқа адамдардың зияткерлiк меншiк құқығы бұзылмағандығына

      кепiлдiк бередi.

      Тiзiлiмде 20 __ жылы "____" ________ жасалған № ____ жазба бар.

      Министрдің орынбасары М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады