"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7487 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.02.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Салық қызметі органдары, қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексерудің басталған күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі жөніндегі қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келімшарттарға қатысты есепке алу нөмірін беру немесе мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге;

      Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банк шоттарын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге.

      Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, салық төлеушінің 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі тіркеу нөмірі (СТН) және заңды тұлғалар және құрылымдық бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша (КҰЖС) коды, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқамалардың тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлерін алған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сол сияқты келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.

      2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бар болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуін және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Жәмішев


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Г.А. Марченко ___________

      2012 жылғы 12 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 146 бұйрығына қосымша

20 __ жылғы "___" _____ бастап 20 __ жылғы "__" _____ кезеңдегі
валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды

р/с

Тексеріліп жатқан салық төлеуші

Шот валютасы

Валюталық түсімнің түсуі туралы мәліметтер

Келісімшарттың нөмірі мен күні

Келісімшарттың есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле төлқұжаттарының нөмірі және күні

2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ОКПО коды

2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі СТН

ЖСН/БСН (2013 жылғы 1 қаңтарға дейін болған жағдайда)

Салық төлеушінің атауы

жіберушінің атауы

күні

төлем сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11



































      Ескертпе:

      2-баған заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшемелері бойынша толтырылады (филиалдарға, өкілдіктерге);

      11-баған экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле төлқұжаттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады