"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы не сақтандыру холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымының не сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан;
сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің орналастырылған (артықшылықты және сатып алынғандарды қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) 10 (он) пайызынан аспауы тиіс деп белгіленсін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің капиталына қомақты қатысатын ұйымдары осы қаулы қолданысқа енгізілгеннен кейін алты ай ішінде өзінің қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко